Өңдеуші секторда 200 жаңа жоба, фармацевтика мен мал шаруашылығын дамыту: мемлекеттік органдарға жобалардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды

Өңдеуші секторда 200 жаңа жоба, фармацевтика мен мал шаруашылығын дамыту: мемлекеттік органдарға жобалардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде жауапты министрліктер мен әкімдіктерге өңдеу секторын, фармацевтика саласын және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыстарын күшейтуді тапсырды., деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Биыл өңдеуші секторда 200-ге жуық жаңа жоба іске қосылады деп күтілуде. Мәлімделген инвестициялар көлемін тартып, озық технологияларды енгізу керек.
Өнеркәсіп министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, әрбір жобаны бақылауда ұстауы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар жиында фармацевтика саласын дамытуға ерекше назар аударылды.

«Мемлекет басшысы фармацевтика саласының орнықты өсімін атап өтті. Осы маңызды бағыт бойынша қол жеткізілген қарқынды сақтай отырып, саланың одан әрі дамуын қамтамасыз ету қажет»,  — деп атап өтті Премьер-министр.

Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін арттыруға бағытталған инвестициялық ірі жобаларды уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ әкімдіктердің алдына ірі шаруашылықтармен өзара іс-қимылды жандандыру міндеті қойылды.

«Ауылдық жерлерде жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктерге ірі қожалықтармен өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырамын.Мал шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударып, бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.