Moody's ҚР «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады

Moody's ҚР «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады
фото:Ұлттық экономика министрлігі

Рейтингті растау мемлекеттік борыштың төмен деңгейімен, борышқа қызмет көрсетудің жоғары қабілеттілігімен және жинақталған валюталық активтермен қолдау көрсетілетін Қазақстанның күшті фискалдық ұстанымын көрсетеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мұның бәрі экономикалық саясаттың икемділігін және сыртқы экономикалық күйзелістерді азайту үшін айтарлықтай қауіпсіз қорды қамтамасыз етеді.

Агенттік мұнай өндірудің төмендеуіне қарамастан, Қазақстан экономикасы өңдеуші өнеркәсіптің, құрылыстың, көліктің және басқа да мұнай емес секторлардың ЖІӨ өсуіне елеулі үлес қосу есебінен өсуін жалғастырып отырғанын атап өтті.

Цифрлық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымға жүргізіліп жатқан инвестициялар экономиканың күрделілігін тереңдете отырып, орта мерзімді экономикалық өсуді одан әрі қолдайтын болады. Агенттіктің бағалауы бойынша шикізаттық емес секторлар өсудің негізгі драйверлері болып қала береді.

Moody's-тің пікірінше, салық реформалары бюджеттің мұнай емес кіріс базасын кеңейту арқылы фискалдық орнықтылықты нығайтуға ықпал етеді.

Тұтастай алғанда, экономиканы одан әрі әртараптандыру салық реформасымен, цифрлық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымға инвестициялармен бірге фискалдық перспективалар мен одан әрі экономикалық өсу үшін мүмкіндіктерді жақсартады.