"Мерейлі отбасы" мәресі

"Мерейлі отбасы" мәресі
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы Сарыарқа ауданында «Мерейлі отбасы- 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі аясында комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Отырыс барысында комиссия мүшелері байқауға қатысқан отбасылардың конкурс материалдарын жан-жақты қарап, оларды бекітілген бағалау критерийлеріне сәйкес саралады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отбасы институтын нығайтуға бағытталған байқауға қатысушылардың қоғамдық белсенділігі, бала тәрбиесіндегі өнегелі тәжірибесі, еңбек жолы, отбасы дәстүрлерін сақтау мәдениеті және қоғам өміріне қосқан үлесі жан-жақты бағаланды.
Биыл Сарыарқа ауданы бойынша ұлттық конкурсқа қатысу үшін 51 өтінім келіп түсті. Комиссия мүшелерінің шешімімен олардың арасынан 4 отбасы үздік деп танылып, «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық конкурсының Астана қалалық кезеңіне жолдама алады.


«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – рухани және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту мақсатында 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бірегей республикалық жоба. Байқау өнегелі отбасыларды көпшілікке үлгі етіп, ұрпақтар сабақтастығын, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған.