Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Конституцияның жаңа жобасын талқылады

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Конституцияның жаңа жобасын талқылады

Бүгін Астана қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына тигізетін маңызын талқылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Конституциялық реформаны жүзеге асыру, Қазақстандағы маңызды кезең болып табылады. Жаңа Негізгі заң жобасы қолданыстағы нормалардың елеулі бөлігін жаңартуды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдіктерді күшейтуді, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді көздейді.

Басқарма басшысы Ғани Тажиев, кез-келген реформалар ең алдымен үлкен жауапкершілік: олардың сапалы жүзеге асырылуы мен шешімдері үшін және ең бастысы, қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет етуі тиіс жауапкершілік екенін атап өтті.

Кездесудің соңында алдағы кезеңде негізгі міндет – конституциялық өзгерістердің мәнін, олардың практикалық маңызын және елдің болашақ дамуына әсерін халыққа кеңінен түсіндіру болып табылатыны айтылды. Азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғамдық пікірді ескеру ерекше назарда болады.