Астанада полицейлер мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған шетел азаматын жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында көлікті пайдалану қағидаларын бұзу фактісін анықтады. Автопатруль қызметкерлері "KAZAK" мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар Lexus автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде 45 жастағы шетел азаматы болған.
Тексеру барысында жүргізушінің көлікті мемлекеттік тіркеуге және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің болуына қойылатын талаптарды бұза отырып басқарғаны анықталды. Аталған факті бойынша жүргізуші көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік коммуналдық мамандандырылған тұраққа қойылды.