Мемлекет қайраткерін мерейтойымен құттықтады

Мемлекет қайраткерін  мерейтойымен құттықтады

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов әріптесі Кендебай Адамбекпен бірге көрнекті мемлекет және қоғам қай­раткері Оралбай Әбдікәрімұлын 80 жас мерейтойымен құттықтады.

«Оралбай Әбдікәрімұлының өмір жолы – Отанына адал қызмет ету мен еңбекке деген үлкен құрметтің жарқын үлгісі. 1969 жылы «Шахтинск­жилстрой» тресті комсомол комитетінің хатшысы қыз­метінен бастап, маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарды. 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Мемлекет басшысының кеңесшісі, Парламент Сенатының төрағасы және Сенаторлар кеңесінің мүшесі ретінде қыз­метін жалғастыр­ды. Қоғам мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін Оралбай Әбдікәрімұлы көптеген мемлекеттік наградаларға, соның ішінде «Барыс» орденінің I және II дәрежелеріне ие болды» деген Ерлан Каналимов мерейтой иесіне зор құрмет білдіріп, оған денсаулық, бақыт, сарқылмас қуат және ұзақ ғұмыр тіледі.