Мәслихат депутаттары аурухана корпусында болды

Мәслихат депутаттары аурухана корпусында болды

Астана маслихатының депутаттары күрделі жөндеуден кейін жұмысын қайта бастаған №3 қалалық аурухананың хирургия корпусында болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Медицина ұйымының басшылығы қонақтарға атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырып, материалдық-техникалық базаны одан әрі жетілдіру жоспарлары туралы баяндады.

Күрделі жөндеу жұмыстары аясында корпустың барлық функционалды аймақтары қазіргі медициналық стандарттарға сәйкестендіріліп жаңғыртылды:


  • операциялық блоктар мен диагностикалық кабинеттер;

  • науқастарға арналған палаталар;

  • қосымша және қызметтік бөлімшелер.


Сонымен қатар медициналық жабдықтар, инженерлік желілер және ғимараттың ішкі жабдықталуы жаңартылды. Бұл көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.