«City Transportation Systems» ЖШС жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталғанын хабарлайды. LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:
- жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау;
- автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;
- вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.
Біз ұсынамыз:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;
- жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру/оқыту. Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.
Оқу мерзімі 1 жылға дейін. Оқыту Астана қ./ҚХР жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.
Мақсат – мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу).
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- темір жол көлігі саласындағы жоғары білім;
- жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмікшісі ретінде кемінде 5 жыл.
Жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады.
Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады: https://cts.gov.kz/ru.
Сұрақтар бойынша телефон нөмірі: Астана қ. +7 (7172) 577 177 (ішкі 102)