2026 жылғы 24 қазан – 1 қараша аралығында Астана қаласындағы Barys Arena спорт кешенінде өтетін күрес түрлерінен ересектер арасындағы Әлем чемпионатына БАҚ өкілдерін аккредиттеу бойынша өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Чемпионатты ақпараттық тұрғыда сүйемелдеуді жоспарлап отырған БАҚ өкілдері United World Wrestling (UWW) ұйымының ATHENA жүйесі арқылы ресми аккредитацияға өтінім берулері қажет екенін еске саламыз.
Астанадағы Әлем чемпионатының UWW ресми парақшасында да ATHENA жүйесінде тіркелуге арналған сілтеме орналастырылған. ATHENA жүйесіне кіргеннен кейін журналистер «I understand, I’m not a NF Media Representative» бөлімін таңдап, жарыстар тізімінен «Senior World Championships – Astana» додасын белгілеп, өтінімді толтыруы қажет.
БАҚ өкілдерінің аккредитацияға берген өтінімдерін қарау және мақұлдау UWW тарапынан жүзеге асырылады.
Айта кетсек, күрес түрлерінен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты 2026 жылғы 24 қазан – 1 қараша аралығында өтеді. Тоғыз күнге созылатын әлемдік додада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлемнің үздік балуандары бақ сынайды.
Аккредитацияға өтінім беру сілтемесі: https://athena.uww.org/press