Астанада «Таза Қазақстан» бастамасы аясында елорда аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына бағытталған рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кезекті рейд барысында Кравцова көшесінде қоғамдық орынға темекі тұқылын тастаған 24 жастағы екі азамат анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері елордада абаттандыру қағидаларын бұзуға қатысты 35 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған.
Полиция азаматтарды қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқысты белгіленбеген жерге тастамауға және қала тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Тазалық – тәртіптің көрінісі. Елорда тазалығын сақтау – әр тұрғынның ортақ міндеті.