Конституциялық кепілдіктердің маңызы олардың күнделікті өмірде орындалуымен өлшенеді

Конституциялық кепілдіктердің маңызы олардың күнделікті өмірде орындалуымен өлшенеді
фото: Aqorda

Жаңа Конституцияның негізгі өзегінде адам және оның құқықтары мен бостандықтары тұр. Ата Заңда адамның өмірі, қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілген. Бұл қағидат мемлекеттік саясаттың басты бағдарын айқындап, азаматтардың мүддесін қорғауға басымдық береді.

Конституциялық кепілдіктердің маңызы олардың күнделікті өмірде орындалуымен өлшенеді. Әр азамат өз құқығын еркін пайдаланып, заңсыз әрекеттерден қорғана алуы керек. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру, сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту өзекті болып қала береді.