Көшпелі музей дәрісін өткізді

Көшпелі музей дәрісін өткізді

Президенттік орталықтың қызметкерлері Астана қаласындағы №72 мектеп-лицейінің оқушыларына Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне арналған көшпелі музей дәрісін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бір бөлігі ғана емес, рухани, идеялық-өнегелік мәдениеттің дамуына және тәуелсіздік пен елдің бірегейлігі идеяларының жүзеге асуына ықпал етеді.

Оқушыларға мамандар мемлекеттік рәміздер туралы толық мағлұмат беріп, олардың сұрақтарына да жауап  берді.