"Таза Қазақстан" бағдарламасын іске асыру аясында ІІМ ғимараттар мен қоғамдық орындарды бүлдіру және граффитиді заңсыз салудың жолын кесу бойынша жұмысты күшейтті., деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Соңғы екі күнде республика бойынша 524 профилактикалық іс-шара өткізілді. Граффити салудың 2 300-ден астам фактісі анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша "Ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі мүлікті және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау" бабы бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Шымкент қаласында есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау фактісі бойынша бір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, полиция халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуде. Республика бойынша 1 200-ге жуық ақпараттық брошюра таратылып, азаматтармен 976 түсіндіру әңгімесі өткізілді. Граффитиді заңсыз салудың жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда және Ішкі істер министрлігінің бақылауында.