Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы бесінші орын алды

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы бесінші орын алды

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Чехияны жеңіп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті. Ел құрамасынан Олег Бойко (22-минут), Бейбарыс Оразов (31-минут), Денис Чапоров (44-минут) ижәне Семен Симонов (54, 55-минуттарда) мергендік танытты. Оған қарсыластар тарапынан Джошуа-Джеймс Маха (27-минут) және Йозеф Хасман (33-минут) екі голмен жауап қайырды.

Қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түсті. Қарсыластары — Канада, Чехия, Оңтүстік Корея және Швеция.

Алдымен Швецияны 9:2, Оңтүстік Кореяны 7:1 есебімен жеңіп, одан кейін Канадаға 3:4, Чехияға 1:3 есебімен жол берді. Өз тобында жеті ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Ширек финалда қазақстандық хоккейшілер Словакияға 1:2 есебімен жол берді.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады.