«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Есіл ауданының прокуратурасы пробациялық бақылауда тұрған адамдар үшін психолог-коучтың қатысуымен интерактивті тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара барысында қатысушылар өзін-өзі бақылауды, эмоцияларды басқаруды, жанжалдарды конструктивті шешуді және жауапты мінез-құлық қалыптастыру дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жаттығуларды орындады.
Тренингтің негізгі мақсаты – қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік және психологиялық тәуекел факторларының әсерін төмендету, сондай-ақ есепте тұрған адамдардың қайта әлеуметтенуіне және өмір салтын оң бағытта өзгертуіне ықпал ету.
Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыс жалғасын табады.