Елордалық спортшылар таңғы жаттығудан кейін дауыс беруге қатысты

Елордалық спортшылар таңғы жаттығудан кейін дауыс беруге қатысты
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астаналық жеңіл атлеттер таңғы жаттығудан кейін сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Таңертең Ботаникалық бақта 20–25-ке жуық спортшы жиналып, бірлескен жаттығу өткізді. Жаттығудан кейін олар №89 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.

Қазақстан чемпионы, ел біріншіліктерінің бірнеше дүркін жүлдегері, спорт шеберлігіне үміткер Балтабек Әлімжан дауыс беруге қатысудың және белсенді азаматтық ұстаным танытудың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін таңғы жаттығудан кейін дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келдік. Өз таңдауымызды жасап, азаматтық белсенділігімізді көрсеттік. Менің ойымша, дауыс беруге қатысу — әрбір азамат үшін маңызды әрі жауапты қадам», — деді Балтабек Әлімжан.

Спортшылар өз үлгілері арқылы белсенді өмір салты мен жауапты азаматтық ұстанымның өзара үйлесетінін көрсетті.