Елордалық құтқарушылар балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына жадынамалар тарата отырып, қауіпсіздік ережелерін хабарлау жұмысы күнделікті негізде жүргізіледі.
ТЖМ ата-аналардан қырағылықты арттыруды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Оқыс жағдайлардың алдын алудағы негізгі қауіпсіздік ережелері:
- үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өміріндегі соңғы сәттері болуы мүмкін немесе оны мәңгілік мүгедек етіп жіберуі мүмкін;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен есіктердің жанында ойнап отырған болса;
- тиісті қорғаныссыз москит торларын қолданбаңыз. Балалар оған сүйенемін деп құлап кетуі мүмкін;
- балалардың терезені өздігінен ашуына жол бермеу үшін терезелерге қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнатыңыз;
- бала терезенің алдына шықпас үшін жиһазды терезеге жақын қоймаңыз.