Елордалық оқушылар физикадан Азия олимпиадасында топ жарды

Елордалық оқушылар физикадан Азия олимпиадасында топ жарды

2025 жылғы 4-12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында өткен 25-ші Азия физика олимпиадасында (APhO-2025) Астана қаласының жас физиктері ерекше нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасының барлық сегіз мүшесі жүлделі орынға ие болып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласының атынан қатысқан оқушылар төмендегідей жетістіктерге жетті:

Күміс медаль иегерлері:


  • Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы ФМБ НЗМ;

  • Нұргүл Егенбергенова – NurOrda мектеп-лицейі;

  • Әмір Пішенбаев – Spectrum International School;

  • Артур Ким – Spectrum International School.


Қола медаль иегерлері:

  • Ілияс Қазымбек – Республикалық физика-математика мектебі;

  • Даниэль Төлеубаев – NurOrda мектеп-лицейі.


Сонымен қатар, NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиаданың «Best Female» арнайы сыйлығына ие болып, ең үздік қатысушы атанды.

Жас дарындарды жарысқа дайындаған команда жетекшілері – Нұрдәулет Қаласов пен Андрей Сидоренко.