Елордалық мамандар бассейнге қауіпсіз бару ережелерін түсіндірді 

Елордалық мамандар бассейнге қауіпсіз бару ережелерін түсіндірді 

Елордалық мамандар бассейнге қауіпсіз бару ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бассейнге бару тек дене шынықтыруды сақтауға және денсаулықты нығайтуға көмектесіп қана қоймай, адамның психоэмоционалдық жағдайына да оң әсер етеді. Алайда Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұқамғали Арыспаевтың айтуынша, су бактериялар мен саңырауқұлақтардың көбеюіне қолайлы орта екенін ескеру қажет, сондықтан қауіпсіздік пен гигиена ережелерін сақтау маңызды.

-Бассейнді таңдағанда санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына назар аударыңыз. Мекемеде келесі көрсеткіштер бақылауда болуы тиіс:

бассейн залындағы, киім ауыстыру және душ бөлмелеріндегі ауа температурасы мен ылғалдылығы; судың сапасы және оның тұрақты түрде залалсыздандырылуы; өндірістік бақылаудың болуы.

Бассейндерді пайдалану бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 санитарлық қағидалармен реттеледі.

Бассейнге бармас бұрын: медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ екеніне көз жеткізу (ЖРВИ, тері аурулары); мекеменің ішкі ережелерімен танысу; қажетті заттарды дайындау: купальник, сүлгі, резеңке қалпақ, су өткізбейтін ауыстыратын аяқ киім, - дейді ол.

Жүзу кезінде келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет:


  • бассейнге түсер алдында және шыққаннан кейін душ қабылдау және жеке гигиена құралдарын пайдалану;

  • бассейн суын жұтпау;

  • тазалықты сақтау және ішкі тәртіп ережелерін орындау.


Гигиена ережелерін сақтамау саңырауқұлақ ауруларына, конъюнктивитке, энтеровирустық инфекцияларға және басқа да ауруларға әкелуі мүмкін. Қауіпті азайту үшін:

  • жеке гигиена құралдарын пайдалану;

  • тоңып қалмауға тырысу;

  • Суға шомылғаннан кейін, әсіресе суық мезгілде, тоңып қалмау үшін шаштықұрғату.


Қарапайым қауіпсіздік және гигиена ережелерін сақтау бассейнге баруды барынша пайдалы әрі жайлы етеді.