«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
фото: Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

18-21 тамыз аралығында Астана қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында пробация қызметінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық әңгімелесулер өткізеді.

Сонымен қатар, заңнама талаптары мен қайталама құқық бұзушылық жасаудың салдары түсіндіріледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты — қайталама құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттердің профилактикасын жүргізу және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету.