Елордада кітап оқу мәдениеті қалай дамытылуда?

Елордада кітап оқу мәдениеті қалай дамытылуда?

2026 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мәдениетін дамыту және «Зерделі ұлт» қалыптастыру жөніндегі Жарлыққа қол қойғаннан бастап Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханалары қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға, жастардың білімге деген қызығушылығын күшейтуге және ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттауға бағытталған іс-шаралар жұмысын бастап кетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Балалардың жаз айында кітап оқуын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруда кітапханалар тарапынан жазғы каникул кезеңінде балалар әдебиетін дәріптеуге, оқу мәдениетін дамытуға және балалар мен жасөспірімдерді жүйелі түрде кітап оқуға тартуға бағытталған «Жаз–2026» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл іс-шараларға мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар, жасөспірімдер, ата-аналар және мектеп жанындағы лагерь қатысушылары қатысты.  Бағдарлама аясында кітап көрмелері, оқырман акциялары, отбасылық оқулар, экскурсиялар, әдеби марафондар мен интерактивті алаңдар ұйымдастырылады. Мысалы, мамыр-маусым айларында №8 балалар кітапханасында «Кітаппен бірге жазды қарсы алайық» кітап сөресі, №2 көпшілік кітапханада «Жазғы оқудың сәулелі алаңы» ашық аспан астындағы оқу сағаты, №3 балалар кітапханасында «Отбасымен бірге оқимыз» отбасылық оқу сағаты, №8 көпшілік кітапханада «Жазғы демалысыңды кітаппен өткіз» кітап марафоны, №3 балалар кітапханасында «Кітапханаға саяхат» экскурсиясы, №1 көпшілік кітапханада «Кітаппен өткен жаз қызық» кітап шолулары, №13 көпшілік кітапханада «Оқыған бала – озған бала» оқырмандар акциясы, №8 балалар кітапханасында «Кітаптан үлкен экранға!» көрме-көрілімдері, №10 көпшілік кітапхананда «Оқы, ойлан, бөліс!» кітап алмасу бұрышы (буккроссинг), №2 балалар кітапханасында жазғы оқуға арналған «Әдеби мозаика» викториналар, №1 балалар кітапханасында «Қазақ жазушылары: Балаларға арналған әлем!» танысу кітап шолулары өткізілді. Сонымен қатар тұрақты түрде №7 балалар кітапханасында «Балалық шақтың жазы» кітапханалық бульвары және №3 балалар кітапханасында «Жазғы демалыс - кітап әдемінде» жазғы оқу бағдарламалары жүзеге асырылуда. Атқарылған жұмыстар кітап пен оқуға деген қызығушылықты дамытуға, балалардың оқу өрісін кеңейтуге және кітапхананың мәдени-білім беру кеңістігі ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді.

        Бүгінгі таңда кітапхана ресурстарын жоспарлау мен пайдалануда кітапханалардың жобалық қызметі тиімділігін беруде. Бұл кітапхананы ақпараттық-мәдени орталық ретінде танымал етуге, оның кітап қорларын ілгерілетуге, сондай-ақ барлық жас ерекшеліктеріндегі пайдаланушылар арасында кітап оқуға байланысты жобаларды дайындау және жүзеге асыру қызметі. «Жаз-2026» бағдарламасы аясында «Балалар кітабы апталығы», кітапхана сабақтары, танымдық ойындар, квесттер және шығармашылық кездесулерді қамтыды. Осы орайда  ерекше маңызға ие болған ірі қалалық жобалар мен іс-шаралар іске асырылуда, олар кітапты және  кітап оқуды насихаттауға бағытталды:

  • «Менің қолтаңбам» жобасы — тұрақты түрде оқырмандардың ақын-жазушылармен кездесуі, жаңа кітаптардың кітап тұсаукерлері;
  •  Балалар кітабы апталығы, кітапхана сабақтары, танымдық ойындар, квесттер және шығармашылық кездесулерді қамтыды.
  • «Kitap qala podcast» подкасты — кітапхана, оқырман,кітап оқу және мәдени іс-шаралар, жаңа жобаларды талқылау;
  •  «Саниямен шабыт әлемі» үйірмесі — еріктілер қатысатын шығармашылық сабақтар.
  • «Бірге оқимыз» жобасы — балалар бақшасының тәрбиеленушілері үшін дауыстап оқу сағаттары.
  •  «Ертегі – ел ертеңі» — мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті ертегі сағаттары және аудио тыңдалымдар.
  • Мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және олардың мәдени бос уақытын тиімді пайдалану үшін соқырлар мен нашар көретін жандарға арналған мамандандырылған кітапхана көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Олар:«Брайлист», «Домбыра-Дастан», «Ертегі-ел тертеңі», «Менің өмірім»;
  • «Әрқашан оқы, барлық жерде оқы» жобасы — мектеп оқушылары мен студенттерді экскурсиялар, акциялар, челлендждер және конкурстар арқылы оқуға тарту;
  • «Жұлдызды кітапханашы» жобасы мәдениет, журналистика, өнер және қоғамдағы танымал өкілдерімен тікелей диалог арқылы кітап оқуды насихаттауға бағытталған және т.б.  Жоба бойынша 15 мамырда №11 көпшілік кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айзат Қарабекпен, №8 көпшілік кітапханасында 22 мамырда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Самидиновнамен,  26 мамырда №13 көпшілік кітапханасында тележүргізуші, журналист Ирина Тенмен кітапханалар оқырмандарымен кездесулер ұйымдастырылды. 16 маусымда №6 көпшілік кітапханасында белгілі журналист әрі тележүргізуші Ғалымжан Кеңшілікпен және №1 балалар кітапханасында «Хабар» арнасының тележүргізушісі, журналист Азамат Сағатпен кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар кітапхана ісін дамыту, оқырмандарға кітап оқу маңыздылығын айта отырып, өздері оқыған кітаптар туралы ой бөлісті. Сонымен қатар кітап оқуға қызығушылықты арттыруға бағытталған бірлескен жоспарлар талқыланды. Жоба мақсаты - кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, қоғамдағы кітапханашы мамандығы мен шығармашылықты қолдай отырып, оқырмандарға мансаптық бағдар беру. Кездесу барысында осы мамандардың өмір жолы мен кәсіби жұмысының жолдары, жетістіктері таныстырылды.      
  •                                                                                                                                                                                                                                                                                            
  • 16 маусымда «KITAP QALA PODCAST» жобасы аясында белгілі айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазымен подкаст түсірілді. Онда қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы, кітап оқуды насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарды сақтау және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі кітаптың рөлі туралы «Зерделі ұлт» қалыптастыру маңызды мәселелер талқыланды.
  • «Менің қолтаңбам» жобасы аясында 18 маусымда №6 көпшілік кітапханасында ақын әрі балалар жазушысы Азамат Әбілқайырдың «Самокат, скутер және велосипед» атты жаңа балалар кітабының тұсаукесері өтті. Автор бұған дейін жас оқырмандарға «Қазақ чемпиондары» комикстер топтамасы мен «Бекзат Саттарханов деген кім?» кітабы арқылы кеңінен танылған. Кездесу барысында жаңа жинаққа енген «Самокат, скутер және велосипед», «Лифт пен баспалдақ», «Телефонды кім сындырды?», «Ұялы телефон зиян ба?» және «Гүлдер неге қолшатыр ұстамайды?» атты шығармалары таныстырылды бейне материалдар көрсетілді. №3 балалар кітапханасында  Дарабоз» халықаралық әдеби байқауының лауреаты, балалар жазушы Джумагельдинова Дария Төкенқызымен шығармашылық кездесу өтті. Кездесу барысында ақынның: «Асель-кисель», «Отличница-плебейка», «Дневник маленького мужчины», «Еркегали по прозвищу Кошмарик» атты шығармалары таныстырылып, оқырмандармен пікірталас жүргізілді.

Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында балалар жазушысы Серікбол Хасанмен «Бала тілін тапқан ақын» атты кездесуі өтті. Іс-шара балалар әдебиетін насихаттауға, кітап пен кітап оқуды дәріптеуге, сондай-ақ жас оқырмандарды заманауи қазақстандық авторлармен және олардың шығармашылығымен таныстыруға бағытталды. Жаңа басылым балаларды мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге, олардың қиялын дамытуға және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне №5 балалар кітапханасында «Бала күлкісі – әлемнің көркі!» атты балаларға арналған музыкалық-театралды мерекелік бағдарлама өтті.

 Мерекеге кітапхананың тұрақты оқырмандары мен «Алтын дән» балақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шара бағдарламасында  кітапханашылар мен оқырмандар дайындаған театралдық  қойылымдар қойылып, ертегілерден көріністер көрсетілді. Балаларға арналған әндер орындалып, тақпақ - өлеңдер оқылды. Спроттық ойын жарыстарда да белсенділік танытты. Сондай-ақ танымдық 5 метірлі кітап көрмесі алдында сұрақ-жауап ойындары жүргізіліп, сыйлықтар таратылды.№1 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Бала күлкісі – әлем көркі!»  балалар шығармашылық фестивалі өтті. Фестиваль бағдарламасында балалар поэзия оқып, ән орындап,  танымдық ойындар, қызықты кітап викториналары және шеберлік сағаттарға белсенді қатысты. №3 балалар кітапханасында "Ақбөпе" балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған «Мен бақытты баламын» атты қызықты мерекелік сағат өткізілді.  

Балаларға кітаптарға жасырылған кітап кейіпкерлері бойынша сұрақ-жауап ойындары, қөл өнер жарыстары  жүргізілді,   қызықты ойындар балалар әндерімен әсерленді.  №2 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Ғажайып кітаптар әлемі» әдеби круиз өтті. Балалар    әдеби куризда ойындарға,   викториналар, жарыстарға және шығармашылық тапсырмаларға қызыға қатысты. Олар өздерінің тапқырлықтарын, білімін, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін және команда да жұмыс атқара алатынын көрсете білді.

«ЖҮЗ КІТАП» жобасы аясында №13 «Creative centre» қалалық бұқаралық кітапханасының базасында «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» атты қалалық байқау ұйымдастырылды. Байқау оқырмандардың белсенділігін арттыруға, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және кітапқа деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға бағытталды. «Бірге оқимыз» жобасы — балалар бақшасының тәрбиеленушілері үшін дауыстап оқу сағаттары ай сайын жүргізіліп отырады. Мысалы Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы. Мысалы, Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы   №80 «Ботақан» балабақшасы  тәрбиеленушілеріне арналып    «Бірге оқимыз» жобасы іске асырылуда. Айына 1 рет өткізілетін  шарада түрлі тақырыпта ертегі оқылады, тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылады.  Балабақша балаларының деңгейіне сай құрылған бұл бағдарламада ертегіні ақпараттық құралдарды қолдана отырып оқу, әңгімелеу (баяндау), тыңдау, сұрақ-жауап мүмкіндіктері және де ертегі оқитын автор түрлі кейіпкер рөліне кіріп оқу, ертегі желісімен қуыршақтарды, бетперделерді пайдаланып рөлдерді сомдау мүмкіндіктері берілді.