Елордада ер адамды атып кетті

Елордада ер адамды атып кетті

Екі таныс адамның арасында кикілжің туындап, бірі екіншісін атып тастаған. Оқыс оқиғаны қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды және қаруы тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, таныс адамдар арасында жанжал болған. Кейін бірі екіншісінің басына оқ атқан, - делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүріп жатыр.

– Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Азаматтарды тек ресми дерек көзіне сенуге шақырамыз, - деп ескертеді елорданың полиция қызметі.

Еске сала кетсек, жыл басында елордада 19 жастағы жігіт атылып қалған еді.

Сондай-ақ туыстарын пышақтап тастаған Астана тұрғыны туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, елордалық полицей жаттығу залынан шыққаннан кейін есінен танып, сол жерде қайтыс болды.