Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғау басқармасында Басқарма басшысының төрағалығымен кеңес өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кеңес барысында Астана қаласының аумағында, атап айтқанда Есіл және Нұра аудандарында дабыл-дыбыс құрылғыларын орнату үшін бұрын айқындалған орындарды нақтылауға қатысты мәселелер қаралды.
Кеңеске қатысушылар құрылғыларды орналастырудың өзектілігі мен орындылығын қаланың қолданыстағы инфрақұрылымын, аумақтардың ерекшеліктерін, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты тиімді әрі уақтылы құлақтандыру қажеттілігін ескере отырып талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша дабыл-дыбыс құрылғыларын орналастыру орындарын нақтылау және Астана қаласының құрылып жатқан азаматтық қорғау жүйесі шеңберінде олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша одан әрі шаралар айқындалды.