Астанада 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңында 200-ге жуық жастың қатысуымен арнайы акция өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Акция барысында қатысушылар Қазақстанның Мемлекеттік туын жайып, алдағы сайлаудың күнін білдіретін «23» санын символикалық түрде бейнеледі.
Бастама жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға назар аударуға бағытталған.
Жастардың бұл іс-шараға белсенді қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін және елдің болашағы үшін саналы таңдау жасаудың маңызын түсінетінін көрсетті.