Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура «инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгіні» іске қосты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мақсаты - инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша тиімді құралдарды енгізу. Осы жұмыс шеңберінде елорда прокуратурасыинвесторлармен арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды заңсыз бұзу фактілерінің жолын кесті. Мұндай шарттарды бұзу тәртібі «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) регламенттелген. Бейінді министрлік АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарты бекітілген. Алайда, басқарушы компания – «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы»ЖШС-і шарттарды біржақты тәртіппен бұзуға құқық беретін, Заңда және үлгілік шартта көзделмеген тармақтарды белгілеп, 280 шарт жасасты.