Елорда металлургтеріне есірткі құқық бұзушылығы үшін қандай жауапкершілік болатыны түсіндірілді

Елорда металлургтеріне есірткі құқық бұзушылығы үшін қандай жауапкершілік болатыны түсіндірілді
фото: Астана қаласының Полиция департаменті

Астанада есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Елорда полицейлері Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп, «ТОКК КАЗАХСТАН» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түсіндіріліп, оларды тұтыну мен таратудың ықтимал салдары туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ отбасылық тәрбие мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қандай өзгерістерге ата-аналар назар аударуы керектігі ескертілді. Бұл ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға және кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Профилактикалық жұмыстар, оның ішінде елорда кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен бірлескен іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.