Елорда көшелерінің электронды паспорты әзірленуде

Елорда көшелерінің электронды паспорты әзірленуде

Енді Астанада әр көшенің жеке электронды паспорты болады. Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасның басшысының орынбасары Мерей Байырхан мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.


«Қазір елорда көшелерінің толық паспорты дайындалып жатыр. Бұл жұмыс былтыр басталды, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты айналысуда. Әр көшенің электронды паспорты болады, ол жерде жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ұзындығы қанша метр, тағы сол сияқты мәліметтер көрсетіледі», - деді Мерей Байырхан қалалық мәслихаттың комиссия отырысында.


Оның айтуынша, елорда көшелерін цифрландыру жұмыстары алдағы қыркүйекте аяқталады.

Айта кетейік, бүгін қалалық мәслихатында құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібінде Астана қаласы мен маңындағы тұрғын алаптарында жол салу және жөндеу мәселелері қаралды.