Елорда халқының 14,1%-ы газбен қамтылған

Елорда халқының 14,1%-ы газбен қамтылған

Астана қаласын газдандыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың басында газдандыру деңгейі 14,1%-ды немесе 216 мың тұрғынды қамтыды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 2024–2025 жылдары газ құбырының III кезеңінің құрылысына республикалық бюджет пен «Самұрық-Қазына» қаражатынан 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Алдағы жылдары Қирпичный, Өндіріс, Казгородок және Garden Village секілді жаңа тұрғын алаптары газбен қамтылады.