Елімізде «Спортшылар кеңесі» құрылды. Кеңес құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қазіргі спортшылар, сондай-ақ ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер енді. Олардың мол тәжірибесі мен кәсіби білімі спорт саласындағы өзекті мәселелерді шешуге және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге жұмылдырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Спортшылар кеңесі» отандық спортты дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша спортшылар, мемлекеттік органдар, спорт федерациялары және сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді диалог алаңына айналады.
Кеңестің қызметі спортшылардың мүдделерін қорғауға, саланы дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік бастамаларды іске асыруға бағытталады.
«Спортшылар кеңесінің» құрылуы спортшылардың саланы дамытуға қатысты шешімдер қабылдау үдерісіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бастама спорт қауымдастығы, мемлекеттік органдар және қоғам арасындағы тиімді диалогты нығайтуға ықпал етеді.
Елімізде «Спортшылар кеңесі» құрылды