Елімізде Құрылтай сайлауы аяқталды

Елімізде Құрылтай сайлауы аяқталды
фото: видеоскрин

Бүгін сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін Астанада 517 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Құрылтай сайлауы кешкі сағат 20.00-де бүкіл ел бойынша аяқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

ОСК мәліметтері бойынша елордада халықтың 49,87% дауыс берді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сайлау учаскелерінде барлық жағдай жасалды. Денсаулық жағдайы бойынша өз учаскесіне өз бетінше келе алмаған азаматтар үшін аумақтық сайлау комиссияларының топтары бланкілер және дауыс беруге арналған жәшікпен бірге үйіне барып дауыс беруді ұйымдастырды.