С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Экологиялық әдебиет: табиғат үні» атты эко-лекторий өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, кітап оқу мәдениетін дамытуға және әдебиет арқылы табиғатқа жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Эко-лекторий барысында табиғатты қорғаудағы білім мен әдебиеттің рөлі, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және кітаптан алынған білімді күнделікті өмірде қолдану мәселелері талқыланды. Қатысушылар сарапшылардың пікірін тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Кездесу жастардың экологиялық дүниетанымын кеңейтуге, ғылыми әдебиетке қызығушылығын арттыруға және табиғатты қорғауға бағытталған пайдалы бастамаларға ынталандыруға мүмкіндік берді.
