Екі автобустың бағыты өзгерді

Екі автобустың бағыты өзгерді

Қабанбай батыр даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Астананың екі автобусының бағыты өзгерді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

"Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 18, 37 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді", - делінген City transportation systems (CTS) хабарламасында.


Хабарламаға қоса берілген схемада бұрын Қабанбай батыр бойымен жүретін автобустар енді Тұран даңғылымен айналып өтетіні көрсетілген.


CTS елорда тұрғындарынан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.