Air Astana Астанадан сегіз жаңа бағыт ашты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
2026 жылы Астанадан сегіз жаңа тұрақты және чартерлік бағыт ашты. Олардың қатарында Гуаңжоу, Бангкок, Ларнака, Даламан, Батуми, Ыстықкөл, Салала және Инин бар.
Былтыр әуекомпания Астанадан Санья, Жидда, Мәдина, Нячанг, Дананг, Аланья және Кутаиси бағыттарын іске қосқан.
Қазір елордадан қатынайтын халықаралық бағыттар саны 32-ге жетті. Сонымен қатар әуекомпания Астанадан халықаралық бағыттарға қатынайтын рейстер санын арттырды. Апталық рейстер саны 99-дан 116-ға дейін өсті. Олардың қатарында Бейжің, Сеул, Франкфурт, Ыстанбұл және Дубай бағыттары бар.
2027 жылы бұл көрсеткішті 22 ұшаққа дейін арттыру жоспарланған.