Астанада өткен BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалінде "Дәстүр сәні: BaiQymyz-2026" ұлттық костюмдер байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жеңімпаз киіміндегі өзіндік ерекшелігі және ұлттық киім элементтерінің үйлесімділігіне қарай бағаланды.
Байқауға ұлттық киіммен келген фестиваль қонақтары қатысты. Ересектер де, балалар да өз киім үлгісін көрсетті. Қатысушылар арасында дәстүрлі киім киген қыздар, келіншектер, бәйбіше бейнесіндегі әйелдер, сондай-ақ ақ жаулықпен келушілер болды.
Ұйымдастырушылардың бірі атап өткендей, байқау ұлттық мәдениеттің нағыз мерекесі болды.
"Біз ұлттық киім киген көптеген адамдарды көрдік. Балалар, келіншектердің бейнелері, бәйбіше кейпіндегі, ақ жаулықтағы әйелдер болды. Бейнелер біздің мәдениетімізді дәл және жан — жақты көрсетті", - деді ол.
Нәтижесінде қатысушы Бұлбұл Қапқызы жеңімпаз атанды.
"Қазылар алқасы оның екі күн бойы балаларымен бірге әртүрлі ұлттық бейнелермен келуіне назар аударды. Сондықтан ол көп дауыс жинады. Бірақ біз барлық қатысушыларды атап өткіміз келеді, әрқайсысы назар аударуға лайық болды", - дейді ұйымдастырушы.
Байқаудың басты жүлдесі "Үздік ұлттық киім иегері" деген атқа ие болды.