Creative Shift акселерациялық бағдарламасы іске қосылады

Creative Shift акселерациялық бағдарламасы іске қосылады
фото: Астана қаласының әкімдігі

«Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры MOST Business Intelligence компаниясымен бірлесіп, креативті индустриялар мен технологиялар саласындағы жобаларын дамытып жүрген кәсіпкерлерге, креаторлар мен шығармашылық командаларға арналған практикалық акселерациялық бағдарламаны іске қосады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акселерация екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең Алматыда 21 қыркүйекте, Шымкентте 5 қазанда және Астанада 19 қазанда өтетін өңірлік буткемптерді қамтиды. Бағдарламаның екінші кезеңі Астанада өтетін 7 күндік офлайн менторлық сессия форматында ұйымдастырылады.

Бағдарлама төрт бағытты қамтиды: аудиовизуалдық өнер, музыка және сахна, визуалды және қолданбалы өнер, әдебиет, медиа және жасанды интеллект.

Creative Shift кәсіпкерлерге, креаторлар мен шығармашылық командаларға жобаларын дамытуға және масштабтауға қажетті практикалық құралдарды ұсынады. Бағдарламада бизнес-модель, монетизация, ілгерілету, жасанды интеллект, дистрибуция және инвестиция тарту бағыттары қамтылады.

Бағдарламаға қатысу шарттары мен өтінім беру тәртібі www.qazaqculture.com сайтындағы QazaqCreative платформасының «Қолдау шаралары» бөлімінде қолжетімді. Қатысу үшін QazaqCreative платформасында тіркелу қажет.