Бүгін табыс туралы декларация тапсырудың соңғы күні

Бүгін табыс туралы декларация тапсырудың соңғы күні

Бүгін табыс туралы декларация тапсырудың соңғы күні, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Салық органдары есеп өткізбегендерге әуелі хабарлама арқылы ескерту жолдайды.

– Биыл 250.00 және 270.00 формасы бойынша декларацияларды тапсыру мерзімі 15 қыркүйекке (жексенбі) – демалыс күніне келеді, яғни соңғы күн 2024 жылғы 16 қыркүйекке ауыстырылады, – деп хабарлаған еді бұған дейін салық органдары.

Әуелі салық органдары есеп өткізбегендерге хабарлама арқылы ескерту жолдайды. Ол ескерілмеген жағдайда азаматқа 5 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ол да ескерілмесе, әкімшілік жауапкершілікке апарып соғады.

Азаматтар салық міндеттемелерін ыңғайлы электрондық қызметтерді пайдалану арқылы орындай алады. Олар:


  • Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.kgd.gov.kz);

  • Электронды үкімет порталы (egov.kz);

  • мобильді қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGov mobile;

  • қосымшалар Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz.


 

Сурет: inbusiness.kz