Боччадан параспортшы - күміс жүлдегер

Боччадан параспортшы - күміс жүлдегер
фото: Астана қаласының әкімдігі

Бразилияның Сан-Паулу қаласында боччадан әлем кубогы өтіп жатыр. Онда 24 елдің үздік спортшылары сынға түсуде. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен астаналық Итиана Шыңғысханова жекелей сайыста күміс медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елордалық параспортшы BC2 санатында сынға түсіп, жарыс қорытындысы бойынша екінші орынға ие болды.

Халықаралық турнирде Қазақстан атынан үш спортшы өнер көрсетіп жатыр. Олар – Қуаныш Асқарбеков (BC1 санаты, Жетісу облысы), Итиана Шыңғысханова (BC2 санаты, Астана) және Азамат Аманша (BC2 санаты, Маңғыстау облысы).

Жекелей сайыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Қуаныш Асқарбеков тарихи алтын жүлдеге қол жеткізсе, Итиана Шыңғысханова ел қоржынына күміс медаль салды.

Қазір қазақстандық параспортшылар командалық сайыста өнер көрсетіп жатыр. Бұл бәсекеде олар тағы сегіз елдің өкілдерімен күш сынасады.