Медицинадағы мемлекеттік кепілдіктердің құқықтық негізін айқындайды

Медицинадағы мемлекеттік кепілдіктердің құқықтық негізін айқындайды
фото: Aqorda

Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 32-бабында бекітілген. Аталған бапқа сәйкес, әрбір азамат заңда белгіленген кепілдіктер шеңберінде ақысыз медициналық көмек алуға құқылы. Сондай-ақ заңда көзделген тәртіппен ақылы медициналық қызмет алу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл норма денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің құқықтық негізін айқындайды. Яғни медициналық көмекке қол жеткізу  әлеуметтік саясаттың ғана емес, азаматтардың Конституциямен қорғалған құқықтарының бірі.