Балалардың терезеден құлауын болдырмау шаралары күшейтілді

Балалардың терезеден құлауын болдырмау шаралары күшейтілді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордада балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында құтқарушылар полиция қызметкерлері мен еріктілермен бірлесіп, тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жыл басынан бері қала аумағында 250-ден астам профилактикалық рейд ұйымдастырылып, оның барысында тұрғындарға 4 500-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.

Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға, көпбалалы жанұяларға және кішкентай балалары бар отбасыларға 1 400-ден астам терезе қауіпсіздік бекіткіші тегін орнатылды.

Профилактикалық іс-шаралар барысында құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмаудың, москит торына сенбеудің, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатудың және терезе маңына жиһаз қоймаудың маңызын түсіндіреді.

Мамандар балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың жауапкершілігі екенін кезекті рет еске салады.

  •