Балабақшада көшпелі музей сабағы өткізілді

Балабақшада көшпелі музей сабағы өткізілді

Балаларды қорғау күні қарсаңында «Думан» балабақшасында Президенттік орталықтың көшпелі музей сабағы өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

​Балаларды қорғау күні қарсаңында Президенттік орталығының қызметкерлері Астанадағы №8 «Думан» балабақшасында музейден тыс сабақ өткізді. ​Сабаққа мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері қатысты. Олар үшін қызықты бағдарлама ұйымдастырылды, оның барысында балалар жаңа сөздермен және ұғымдармен танысты, сонымен қатар нағыз музей экспонаттарын өз көздерімен көріп, тіпті ұстай алды.

​Сабақ интерактивті форматта өтті: балалар жұмбақтар шешіп, әліпбиді білу бойынша ойын тапсырмаларын орындап, талқылауға қызығушылықпен қатысты. Бұл әдіс мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік беріп қана қоймай, танымдық қызығушылықтарын, тарихқа деген сүйіспеншіліктерін ерте жастан дамытуға ықпал етеді. ​Музейден тыс сабақтар Президенттік орталық жұмысының маңызды бөлігі болып табылады және балаларды мәдени мұрамен таныстыруға, олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.