Бүгін ауданымыздың «Жастар» сарайының аумағында 800 шаршы метрлік мұз айдыны мен сырғанақтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға «Байқоңыр» ауданының 100-ден астам оқушысы қатысты. Олар үшін жаңа жылдық музыкалық әндер шырқалды, сондай-ақ тегін шарлар (ватрушкалар) мен конькилер ұсынылды.
Мерекелік ашылудан кейін балалар үшін белсенді ойын-сауық түрлері ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, эстафеталық ойындар, коньки тебу, допты хоккей және қоқыстарды сұрыптау. Ойынға қатысқан барлық балаларға түрлі сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
Сондай-ақ, шара соңында келушілерге ыстық сусындар мен бауырсақтар ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, Байқоңыр ауданында қысқы дмалыс кеңістіктері келесі локациялар бойынша жұмыс жасап тұр: