BaiQymyz-2026. Саумалдан косметика мен емдік препараттар жасайды

BaiQymyz-2026. Саумалдан косметика мен емдік препараттар жасайды

Елордада өтіп жатқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестиваліне саумалдың негізінде жасалған биокосметика бұйымдары мен емдік препараттар да ұсынылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

"Алматыдан келіп отырмыз. Қысы-жазы бие сауып жатқанымызға 10 жыл болды. Шипажайымыз бар. Фестивальге "Ақсақал" деген брендпен шығып жатқан қымызбен қатар биокосметика мен емдік препараттарды алып келдік. Соның ішінде жылқының майы мен сүті қосылған кремдер бар. "Жылқы - дәрігердің патшасы" деген сөз айтылады. Біз шығарып жатқан өнімдер - соның толық дәлелі.  Өнімдеріміз қотырға, геморойға қарсы бірден-бір ем. Біз шығарып жатқан сабындардың да емдік қасиеті бар. Асқазанға, ұйқы безіне, бауырға емге пайдаланатын таңертең ішетін майларды әкелдік. Сосын шаш түсіп, ағарғанды да жазатын өнімдерді өндіреміз. Осы фестивальде саумал терапия жағынан шеберлік сабақтарын өткіземіз деп отырмыз. Қазір аутизм, жасы келсе де сөйлемейтін балалар көп. Соны саумалдың көмегімен жазуға болады. Бір бағытымыз - осы. Екінші бағытымыз - саумалды гастрономияда қолдану. Яғни, саумалдан тағамдарды дайындау. Біз кәуәпті саумалға маринадаттаймыз, саумалмен етті қақтаймыз, сосын саумалдан балмұздағымыз, шоколадымыз, құртымыз бар. Әртүрлі осындай тағамдарды инновацияны қолданып, әзірлеп жатырмыз" дейді Saumal de Luxe компаниясының өкілі Құрманғали Жұмағұлов.