Байқоңыр ауданында 200-ден астам заңсыз жарнама белгілері мен маңдайшалары алынды

Байқоңыр ауданында 200-ден астам заңсыз жарнама белгілері мен маңдайшалары алынды
фото: Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты

Елордадағы Байқоңыр ауданында заңсыз орналастырылған жарнама белгілері мен маңдайшаларды ретке келтіру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бүгінгі таңда аудан аумағында 200-ден астам заң талаптарына сәйкес келмейтін жарнама нысаны мен маңдайша алынды.

Қазіргі уақытта тиісті жұмыстар Абай даңғылы мен Иманов көшесінде жүргізілуде. Мамандар ғимараттардың сыртқы келбетіндегі ретсіз орналасқан жарнама элементтерін анықтап, оларды демонтаждау жұмыстарын жүргізуде.

Аталған жұмыстар Астана қаласының дизайн-код талаптарын сақтау, қала көшелерінің сәулеттік келбетін біріздендіру және қоғамдық кеңістіктердің эстетикалық көрінісін жақсарту мақсатында жүзеге асырылуда.

Жұмыстар аудан аумағында кезең-кезеңімен жалғасын табады.