Ата заңға арналған акция

Ата заңға арналған акция

Астанадағы Нұржол бульварында, «Әділет» партиясының орталық аппаратының жанында жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай «Жаңа Конституция: жаңа кезең – жаңа мүмкіндіктер» атты республикалық жастар акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Жастар рухы» жастар қанатының Астана қалалық филиалының төрағасы Мағзұм Арсланбек акцияның басты мақсаты жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты елорда тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау және жастар арасында конституциялық реформалардың маңызын насихаттау екенін айтты. Ұйымдастырушылар бұл өзгерістер елдің дамуына тың серпін беріп, әсіресе жастардың болашағына оң ықпал етеді деп сенеді.

– Басты мақсатымыз – жаңа Конституцияның күшіне енуіне байла­нысты жақсы көңіл күйді елорда жастарына, тұрғындарына сыйлау. Біз жаңа ­Конституция еліміздің дамуына жаңа серпін береді, жастардың болашағына үлкен әсерін тигізеді деп есептейміз. Ондағы көптеген норма болашаққа бағытталған және жас ұрпақтың мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді, – деді Мағзұм Арсланбек.

Дәл осындай акциялар еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясы жастарының бастамасымен өтіп жатыр. Іс-шара аясында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған викторина, фотоаймақ және түрлі интерактивті бағдарлама өтіп, белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.