«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі»

«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі»

Астана қаласының прокуратурасы «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Конституциялық сот шешімдерінің орындалуы мен конституциялық заңдылығын қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Конституциялық Соттың 2024 жылғы 28 маусымдағы № 46 нормативтік қаулысына сәйкес кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақы және өзге де кіріс түрлерінің тізбесінің 1-тармағы 11-тармақшасы конституциямен танылды/конституциялық деп танылды.

Тізбенің көрсетілген тармағына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған алимент ретінде тұлғаның заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметінен кірісі ұсталуға жатады. Баланы асырау құралы ретінде ата-ананың табысының бір бөлігін аударуды құқықтарды шектеу деп санауға болмайды, бірақ оның табиғи міндеті болып табылады. Сондай-ақ тізімде ұсталуға жатпайтын төлемдердің түрлері, бірінші кезекте өтемақы төлемдері көрсетілген.


Әлия Қыстаубаева,

Астана қаласы прокуратурасы
Басқармасының аға прокуроры,
құқық философиясының докторы,
әділет кеңесшісі