Астананың smart city жобаларын дамытудағы зияткерлік меншіктің рөлі талқыланды

Астананың smart city жобаларын дамытудағы зияткерлік меншіктің рөлі талқыланды
фото: Әділет министрлігі

ҚР Әділет вице-министрі Ботагоз Жақселекованың төрағалығымен елорданың инновациялық және smart city жобаларын дамытуда зияткерлік меншік құралдарын қолдану мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің, «Astana Innovations» АҚ, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС және «Астана қаласының Урбанистика орталығы» ЖШС өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында зияткерлік меншік қаланың инновациялық инфрақұрылымын дамыту, технологиялық шешімдерді қорғау, инвестициялар тарту және қалалық ортаны басқаруға жаңа тәсілдерді енгізу үшін маңызды құқықтық құрал болып табылатыны атап өтілді.

Қатысушылар мүдделі ұйымдардың жұмысын үйлестіруді, сондай-ақ Астананың цифрландыру, қалалық мобильділік, туризм, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және урбанистік даму саласындағы жобалары туралы ақпарат жинау мәселелерін талқылады.

Әділет министрлігі зияткерлік меншік жүйесін дамыту, инновациялық қызметті қолдау және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмысты жалғастыра береді.