Биыл кәмелетке толған қазақстандықтар сайлауға бірінші рет қатысып жатыр. Сайлау учаскесіне алғаш рет дауыс бергендердің арасында елорданың 18 жастағы тұрғыны Сабина Ғабдул-Камит те бар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жас сайлаушы үшін бұл күн маңызды және есте қаларлық оқиға болды. Сабинаның айтуынша, Құрылтайдағы сайлауда дауыс беруге қатысу өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге және елдің болашағына үлес қосуға мүмкіндік береді.
"Бүгін мен бірінші рет дауыс беруге қатыстым. Мен үшін бұл өте қызықты және жауапты сәт. Менің ойымша, әр азамат белсенділік танытып, өз таңдауын өз бетінше жасауы керек. Бүгін өзінің сайлау құқығын пайдаланғаныма қуаныштымын",-деп бөлісті Сабина Ғабдул-Камит.