Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Армения Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Мнацакан Сафарянның төрағалығымен екіжақты саяси консультациялар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Консультациялар барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы, оның ішінде өңірлік интеграциялық құрылымдар шеңберіндегі қазақ-армян ынтымақтастығының өзекті күн тәртібін жан-жақты талқылады, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар кестесі бойынша «сағаттарды теңестірді».
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін сыртқы саяси ведомстволар арасындағы диалогты жалғастыруға уағдаласты.