Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі композитор Петр Чайковскийдің 185 жылдық мерейтойына арналған «День ли царит» классикалық музыка кеші өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Музыкалық кеште «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов Чайковскийдің шоқтығы биік романстары мен камералық шығармаларын орындады.
Кештің басты ерекшелігі – көрермен өнерпаздармен бірге сахнада отырды. Бұл тың формат көрермен мен орындаушы арасындағы шекараны жойып, ерекше әсер сыйлады.
Әртістер көрерменнің ыстық ықыласы бөленіп, зор қошеметімен аяқталды. Бұл – ұлы композитордың музыкасы әлі күнге дейін сезімдерді қозғап, әлемдік және қазақстандық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып қала беретіндігінің айқын дәлелі.