Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілі іске қосылды

Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілі іске қосылды

"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында қалалық ПД интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейтіп келеді. "Қазақтелекоммен" бірлесіп, 160 және 165 нөмірлері арқылы жұмыс істейтін Call-орталықтарға қоңырау түскен кезде интернет-алаяқтық түрлері туралы аудиоескерту іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Алаяқтықтан сақтану үшін:

— SMS-кодтарды бөгде адамдарға хабарламаңыз;

— Құқық қорғау органдары атынан жасалатын жалған қоңырауларға сенбеңіз;

— Ақшаны "қауіпсіз" немесе "сақтандыру" шоттарына аудармаңыз — мұндай шоттар жоқ.

Құқыққа қарсы әрекеттерге тап болсаңыз, "102" нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласыңыз.